Емен қабығының емдік қасиеті

0
311

Отанымызда еменнің 19 түрі өседі. Халық медицинасы ерте заманнан бері Ресейдің еуропалық бөлігінде өсетін бүршікті еменді пайдаланып келеді.

Оның жаңа өсіп келе жатқан жіңішке ағаштарынан алынатын қабықтың емдік қасиеті мол. Емен ағашының қабығында органикалық қышқылдар, көміртегі, пектин мен тері илейтін жабысқақ заттар көп. Емен деп аталуының себебі сонда. Емен қабығының 20 пайызы – тері илейтін зат.

Емен қабығынан жасалған тұнбамен суық тиіп ауырғанда, ауызды, тамақ пен жұтқыншақты, таңдайды шаяды. Оның ұнтағын себілетін дәрі есебінде де пайдаланады және ол кейбір өсімдік дәрілеріне қоспа ретінде жұмсалады.

Емен тұнбасын әзірлеу үшін бір стақан қайнаған суға бір ас қасық ұсақталған қабықты салады да, оны 20 минуттай қайнатады. Ал қайнатпасын дайындау үшін 1-1,5 стақан суға 2 ас қасық салып, жарты сағаттай қайнатады.

Осы екі әдістің қайсын пайдаланса да, дәрігермен ақылдасып, істеген жөн.

Дереккөз: massaget.kz

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here