Жұмыссыз азаматтарға көмек беріледі

0 1

Елімізде жұмысынан айырылған азаматтарға жұмыспен қамту орталығы көмек береді.

Қабылданған заңға сәйкес, 16 жастан бастап, зейнет жасына жетпеген, сонымен қатар қалада тіркеуі бар кез келген азамат жұмыспен қамту орталығына барып, бос жұмыс орындары жайлы ақпарат ала алады. Мекеме қызметкерлері жұмыс табуға көмек береді.

«Азаматтардың жұмыссыз қалуына байланысты арнайы жәрдемақы тағайындалады. Әлеуметтік сақтандыру қорына 6 айға аударым жасалса, олар осы жәрдемақыны алатындар қатарына кіреді, — дейді мамандар.

Жұмыспен қамту орталығына еgov.kz сайты арқылы өтініш беруге болады. Нәтижесінде, ортылық 3 күн ішінде өтініш берушіге сай келетін жұмысты іздестіреді. Жұмыс табылмаған жағдайда тегін кәсіби білім алып, әлеуметтік, қоғамдық және тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік бар.

Мамандар ұсынған жұмыстан бас тарқан жағдайда азамат есептен алынып, орталыққа тек 1 ай уақыттан кейін қайта тіркелуге болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.