ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » «Арай» алқабында 6 тұрғын үй пайдалануға беріледі

«Арай» алқабында 6 тұрғын үй пайдалануға беріледі

«Арай»  алқабында  6  тұрғын  үй пайдалануға  беріледі

Облыс әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әділет Ахатаев өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерімен кездесіп, «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы ақпараттармен бөлісті. Ол бағдарламаның білім беру саласындағы және тұрғын үй инфрақұрылымдарын дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар мен жоспарлар жайын баяндады. Мәселен, білім беру саласында өткен жылы 7 нысан құрылысына 3,3 миллиард теңге бөлініп, 5 нысан пайдалануға тапсырылған. Биыл екі мектептің құрылысын жалғастыруға және 3 мектептің құрылысын бастауға ҚР Ұлттық қоры есебінен және жергілікті бюджеттен қосымша қаржыландыруға 2,63 миллиард теңге бөлініпті.

2016-2017 жылдарға «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында облигация арқылы 6 тұрғын үйдің құрылысына 4,4 миллиард теңге қаралған. «2016 жылы 3,0 миллиард теңгеге облигациялар шығарылып, «Бәйтерек девелопмент» АҚ бағалы қағаздарды сатып алды. Бөлінген 3,0 миллиард теңге толығымен игерілді. 2017 жылы 1,4 миллиард теңге бөлініп отыр, есепті кезеңде 500,0 миллион теңге толығымен игерілді. Тараз қаласындағы «Арай» алқабында 46,8 мың шаршы метрлік 480 пәтерлік 6 тұрғын үй осы жылдың 1-жартыжылдығында пайдалануға тапсырылады. Одан бөлек, 2016 жылы «Бәйтерек девелопмент» АҚ облыстың бес құрылыс компаниясымен тікелей келісім-шарт жасасып, 22,8 мың шаршы метрлік 395 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысын жүргізді. Бір нысан өткен жылы пайдалануға тапсырылды, 4 нысанның құрылысы 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында пайдалануға тапсырылуы тиіс», – деді Әділет Бегалыұлы.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағыты бойынша 2016 жылы тұрғын үй салынатын алқаптарды инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге Ұлттық қор есебінен 14 нысан құрылысына 2,9 миллиард теңге және ҚР Үкіметінің резервінен 7 жеке тұрғын үй салынатын алқаптарды инженерлік жүйелермен қамтамасыз етуге 1,6 миллиард теңге бөлінген. Бөлінген қаржы 99 пайызға игерілді және 128 километр инженерлік жүйелер салынған. Ал 2017 жылы осы бағыт бойынша 6 нысанның құрылысына 1,6 миллиард теңге бөлінді, құрылыс-құрастыру жұмыстары жүргізілуде.
Жиында Ә.Ахатаев «Нұрлы жер» бағдарламасына да тоқталып, Тараз қаласындағы «Арай», «Бәйтерек» шағын аудандарында 22 тұрғын үй биыл пайдалануға берілетіндігін, Қаратау қаласында 2 тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстары биыл аяқталатындығын, сондай-ақ, 4 тұрғын үйді қалпына келтіру құрылысы биыл басталып, келер жылы пайдалануға берілетіндігін айтып өтті. Жаңатас, Шу қалалары мен Қордай ауданындағы бұл бағыттағы жұмыстар барысы баяндалды.Сонымен қатар, жаңадан салынатын шағын аудандарды абаттандыру, аяқжолдар салу мәселесі сөз болды.
Брифинг барысында журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға да жауаптар қайтарылды.

 

Қарлығаш Есбергенова,
Мақала «Ақ жол» газетінен алынды

Пікір: 0
Пікір қосу