Сәбиіңіз егіз болғанын қаласаңыз…

0 7 412

Егіздер Жаратқанның ерекше жаратылысы екені рас. Осы күні өмір есігін ашып жатқан егіз нәрестелер артуын мамандар жастардың кеш үйленуімен және бедеуліктің көбеюімен байланыстырады. Бедеулікті емдеу барысында қабылдаған дәрілер мен ЭКО бағдарламасы бойынша бала көру көп ұрықты балалардың дүниеге келуіне себеп болуда. Дегенмен әр жағдайды жеке қарастырған абзал.

Егіз балалы болу әйелдің бір мезгілде бірнеше ұрықты сіңіру мүмкіндігіне тікелей байланысты. Екі жұмыртқадан пайда болатын егіздер тұқым қуалайтын болса, бір жұмыртқадан пайда болатын (полярлық) егіздердің тұқым қуалау оқиғасы осы күнге дейін әлі тіркелмеген. Полярлық егіздер, яғни бір-бірінен айнымайтын егіздер – өте сирек кездесетін егіздер түрі. Жартылай гендері бірдей (анасынан), екінші жартысы әртүрлі (әкесінен) сол себепті, оларды жартылай идентті деп те атайды. Ұрықтанбай тұрып бір жұмыртқада болып, полярлық бір денені, яғни бір жасушаны құрайды да әдеттегідей өліп қалады. Кейбір жағдайда полярлық дене өсіп, өлмеуі мүмкін. Бір-бірінен айнымайтын бір жұмыртқалы яғни, бір ұрықтың екіге жарылып, екі бірдей тіршілік иелерінің пайда болуына не әсер ететініне әлі күнге дейін ғалымдар нақты жауабын бере алмай келеді. Бір жұмыртқалы балаларды туу ешқандай сыртқы (экологиялық, физикалық, химиялық) және мұрагерлік (гендік) факторларға тәуелді емес. Статистика әрбір 1000 жүктіліктің үшеуі бір жұмыртқалы жүктілік болады дейді. Бұдан бөлек, түрлі жұмыртқалы, екі жұмыртқа жасушалары екі түрлі ұрықпен аралас ұрықтанатын және өте сирек кездесетін екі түрлі ер адамнан екі жұмыртқа ұрықтану түрлері табиғатта кездеседі екен.

Қазақстандағы егіздер ең көп туылатын елді мекен ол – Қостанай облысындағы Тәгіл ауылы. Соңғы 20 жылда мұнда 29 жұп егіз бала дүниеге келген. Яғни, жыл сайын Тәгілде бір немесе екі жұп егіз туады деген сөз. Тұрғындардың саны 1350-ды құрайтын ауыл үшін бұл сөз жоқ өте жоғары көрсеткіш. Тәгіл ауылының тұрғындары үшін қатар жүрген егіздер таңсық көрініс емес. Мұнда жылына бір немесе екі бірдей егіз жұптар туылуы қалыпты құбылысқа айналғалы қашан. Тұрғындар өздерінің туған ауылының жері қасиетті деп сенеді.

Ал, Қазақстан бойынша егіздерге өмір сыйлаудан алдына жан салмай келе жатқан Қызылордалық келіншектер екен.

Дәрігерлердің айтуынша бала туылған сайын егіздер туылуына мүмкіндіктер көп болады. Яғни, жатыр қабаттары өскен сайын ана егіздеп бала табуға қабілеті артады екен. Жасына қарай егіздер 35-39 жастағы аналардан көп туылады. Себебі дәл осы жаста әйелдің бойындағы гармондары нағыз күшіне мінетінін ғалымдар дәлелдеп шыққан. Және көктем мезгілінде ұрықтанған балалардың арасында егіздер көп туылады дейді ғалымдар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.