«Кемпір» атауы не мағына береді?

0 294

Сіз «кемпір», «шал» сөзінің шынайы мағынасын білмейтін боларсыз. Кемпір деп күйеуі қайтыс болған егде жасқа келген әйелді айтады. Қазақта «пірсіздің пірі шайтан, әйелдің пірі күйеуі» деген мақал бар. Кемпір — «пірі кем әйел» дегенді білдіреді.

Қазақ жетімін жылатпаған, жесірін қорлатпаған халық. Күйеуі қайтыс болған келіншекті жесір деп атаған. Бірақ, күйеуінің бір жылдық асын бергеннен кейін, ел ақсақалдары жиылып жесірді қайын інісіне, не қайын ағасына атастырған. Ал, егде жасқа әйелдің, балалары ер жетіп, қыздары бой жеткен кезде күйеуі қайтыс болса кемпір деп атаған. Қазақ оларды, құрметтеп сыйлаған. Күйеуі қайтыс болған кемпірлер үй билігінде түз билігінде өздері алған.

Қазір үлкен кісілердің «кемпіріммен ақылдасайын», біздің үйдің «кемпірі шешеді», «кемпір біледі» деп жүрген сөздер содан қалған. Ал, күйеуі тірі адамды ешкім кемпір деп атамаған. Кейбір әжелеріміздің де кемпір деген сөзге ашуланып қалатыны сондықтан, болса керек. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.