Жанына келіні жерленген жырау кім?

0 21
Мырзастан шыққан шайырлардың бірі, жыршы, жырау, ақын – Нұртуған Кенжеғұлұлы Сырдың мақамын кеңінен танытқан жырау ретінде барша қазаққа танымал. Бірақ ол жайындағы мына бір деректі көпшілік біле бермейді.
«Мырзас дала болады, Аманөткел қала болады» деп келер күнді кемеңгерлікпен болжаған Нұртуған Кенжеғұлұлы не себепті келіні Құрманбикемен бірге жерленгенінен ақпарат беруді жөн көрдік.Бұл жайлы жыраудың інісі Маханжанның немересі Ғалымбек Мырзаханұлы былай дейді.
– Маханжан атамыз үш әйел алған. Ағасы Нұртуған жырау қайтыс болғанда жанына өзіне де орын дайындап, екі адамдық зират салады. Бірақ бәйбішесі Құрманбике әжеміз бірінші өмірден озған. Бұл қыс мезгілі еді. Қыстың аязы қатты болып, жердің қатайып кетуінен, қабір қазуға мүмкіндік болмаған. Соған байланысты Нұртуған жыраудың жанына жерленіпті, – дейді. 
Оңталап ЖОЛДАСОВ
Мәлімет: tolqyn.kz сайтынан алынды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.