Конькимен жүгіру: Әлем кубогында жас спортшылар 2 медаль алды

0 10

Австрияның Инсбурк аймағында конкьимен жүгіру бойынша жастар арасында әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күнінде қазақстандық жас атлеттер ел қоржынын екі медальмен толықтырды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бүгін 500 м қашықтық бойынша сынға түскен Алина Дауранова үздік үштікке еніп, жарыстың қола жүлдесіне ие болды. Сондай-ақ, Алина 1500 метрлік жарыста да қола медальға қол жеткізді.

Ал ұлдар арасында бақ сынаған Евгений Кошкин 500 м қашықтықт бойынша мәре сызығын үшінші болып кесіп өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.