Альварес әлем чемпионы белдігінен айырылды

0 0

Халықаралық бокс ұйымы (IBO) мексикалық Сауль Альварестен титулын алып қою туралы шешім қабылдаған. Ол бұл белдікті Геннадий Головкинді жеңген соң иеленген болатын, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі «SPORTINFORM» САА -ға сілтеме жасап.

«Альварес Халықаралық бокс ұйымына (IBO) санкциялық жарна төлеуден бас тартқан. Соның салдарынан бұл титул бос қалды», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, IBO белбеуі кәсіпқой бокстағы маңыздылығы жағынан бесінші болып саналады және қалғандарынан беделі ең төмені. Реванштың қортындысы бойынша мексикалық WBA Super, WBC, сондай-ақ The Ring журналының тұжырымы бойынша желілік чемпион белбеуін иеленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.