Украиналық төрешілер «Астана»-«БАТЭ» ойынында қызмет көрсетеді

0 0

«Астана» — «БАТЭ» кездесуінде украиналық Сергей Бойко бастаған төрешілер тобы жұмыс істейді. Украиналық маман осыған дейін Ұлттық құраманың Швеция және Андорраға қарсы ойындарында қазылық еткен еді. Сондай-ақ, «Ақтөбе»-«Кечкемет», «Астана»-«Маккаби» кездесулерінде бас төреші болды.

Бас төреші Сергей Бойкаға оның жерлестері Александр Корнийко, Семен Шлончак және Анатолий Абдулла көмектеседі.

Естеріңізге сала кетейік, тамыздың 22-інде елордалық «Астана» өз алаңында белорусиялық «БАТЭ» клубын қабылдайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.