Тараз қаласы тұрғындарының 29,6 пайызы спортпен шұғылданады

0 1

Қала тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту жұмыстары бойынша, ағымдағы жылы 96 бұқаралық спорттық-көпшілік іс-шаралар өткізіліп, оған барлығы 172 мыңнан аса қала тұрғындары қатысты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қазіргі таңда, Тараз қаласында жүйелі түрде спортпен айналысушы азаматтар саны – 106 мыңнан астам  адам болса, бұл қала тұрғындарының 29,6 пайызын құрап отыр. Олардың ішінде 14 жасқа дейін жасөспірімдер – 21 912 адам, 14-29 жас арасындағы жастар – 48 254 адам, 29 жастан жоғары ересектер арасында – 35 120 адам жүйелі түрде спортпен шұғылданады.

Қалада 515 спорт нысандары жұмыс атқаруда, оның 450-і мемлекеттік және 65-і жекеменшік иесінде болып табылады.

Сондай-ақ,  спорт саласын дамыту мақсатында 2019 жылы спорт алаңшаларын қайта құру, қалпына келтіру және құрылысы бойынша жол картасы дайындалып, жұмыстар жүргізілуде.

Бюджет қаржаты есебінен – 64 алаңша. Оның ішінде: «Қант зауыты» тұрғын алқабындағы Жауғаш батыр көшесі және Дорожник тұрғын алқабындағы жасанды төсеніші бар кіші футбол алаңшалары, 1 «Street Workout» алаңшасы «Қарасу» мөлтек ауданы «Балауса» аула клубының маңында  және 3 бірлік «Street Workout» (Қарасу мөлтек ауданында, Сатпаев көшесі, 64 үйде, Тастақ, Жанболат көшесінде 2018 жылдан өтпелі) пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, 25 спроттық алаңшаларына 1 әмбебап және 24 футбол алаңшаларына қалалық бюджеттен 47,3 млн. теңге бөлінді.

Демеушілер есебінен – 7 алаңша. Оның ішінде: «Самұрық қазына трафт» корпораициялық қоры «Менің елім» әлеуметтік инвестициялық бағдарламасы аясында «Аса» мөлтек ауданында  кіші футбол алаңшасына жер белгіленген, жұмыстар жүргізілетін болады.

Жекеменшік – 9 алаңша. Оның ішінде «Dostyk-life»  спорт алаңшасы пайдалануға берілді.

Бұдан басқа өткен жылы қалалық тұрғын-жай коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы алаңшаларды соққан жауапкершілігі шектеулік серіктестіктер өз қаражаты есебінен 6 алаңшаны қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.