Илья Ильин мансабын аяқтады

0
17

Қазақстандық зілтемірші Илья Ильин мансабын аяқтап, спорт кешенінің директоры қызметіне тағайындалды.

Бүгін белгілі болғандай, ауыр атлет туған жері Қызылордадағы «Мұз айдыны» спорт кешенінің директоры қызметіне кірісті.

Бұл шешімді қабылдау маған оңайға соққан жоқ. Мен Токио Олимпиадасына қатысуды алдыма мақсат еткен едім. Дегенмен аталған додада белгілі себептерге байланысты кейінге шегерілді. Сондықтан мен спортшы ретінде карьерамды аяқтап, енді аталған салада қызмет атқаруды дұрыс деп санадым. Осылайша, спорт саласында менеджмент мәселесін жан-жақты меңгерсем деймін. Келешекте бапкерлік қызметке келуім де мүмкін. Оны уақыт көрсете жатар. Қазіргі ең басты міндетім — жаңа қызметте өзімнің қабілетімді жан-жақты көрсете білу, — деп келтіреді Илья Ильиннің сөзін ҚазАқпарат.

Айта кетейік, Илья Ильин мансабында әлем чемпионатында төрт мәрте топ жарып, екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды. Алайда допинг ережесін бұзғаны үшін спорттан шеттетіліп, тек 2019 жылы ғана мансабын қайта жалғастырған болатын.

 Massaget.kz

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here