Аргентиналық футболшы қазақстандық клубқа ауысты

0 0

Петропавлдық «Қызыл-Жар СК» командасы 30 жастағы аргентиналық футболшы Пабло Подиомен келісімшартқа отырды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі  vesti.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пабло Подиомен кәсіби карьерасын аргентиналық «Плайоса» клубынан бастаған.

2008 жылы словакиялық «Шпорт» клубында өнер көрсеткен. Кейін чехиялық «Фастав» клубына ауысып, Еуропа лигасының іріктеу мачтарына қатысқан.

Ал 2018 жылы әзербайжандық «Кешля» командасының намысы қорғап, кейін қазақстандық «Ертіс» клубына ауысқан.

Подио — Аргентина, Италия және Словакия елдерінің азаматы. 2020 жылғы маусымда спортшы Қазақстан біріншілігінде Италия азаматы ретінде тіркелді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.