Аудан әкімінің кубогы сарапқа салынды

0 14

Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және «Жамбыл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы» КММ-нің бірлесе ұйымдастырумен «Дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің» спорт залында 2021 жыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай, «Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ» атты Жамбыл ауданы әкімінің кубогы үшін волейболдан қыздар арасында турнир өткізілді,-деп жазады «Zhambylnews» АА.

Турнирдің мақсаты-жастар арасында бұқаралық спортты дамыту, жастарды спортқа баулу және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, жастарды отан сүйгіштікке жастар арасында достық қарым-қатынасты нығайтуға тәрбиелеу болып табылады.
Аталмыш іс-шараға 10 команда өтінім берсе, жарысқа 7 команда (Б.Бесбаев мектеп-гимназиясы, Ерназар қыздары, Тастөбе, №3 балалар жасөспірімдер спорт мектебі, Бесағаш, Аса қыздары) қатысып өзара бақ сынасты.

Турнир қатысушы командалар екі топқа бөлініп, айналмалы ойын бойыншы өнер көрсетті. Турнир нәтижесі бойынша екі топтан үздік төрт команда шығып І,ІІ,ІІІ орынның жеңімпазын анықтады. Турнир қорытындысы бойынша І-орын №3 балалар жасөспірімдер спорт мектебі, ІІ-орын Б.Бесбаев мекте-гимназиясы, ІІІ-орын Аса қыздары өзара бөліске салды. Турнир жеңімпаздарымен жүлдегерлерін Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі сяасат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі тарапынан естелік дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.