ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » «Ең үздік ауылдық клуб- 2017» байқауы басталды

«Ең үздік ауылдық клуб- 2017» байқауы басталды

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен қазан айының 23-28 аралығында «Ең үздік ауылдық мәдениет үйі, клуб- 2017» облыстық байқауы өткізілуде. Алғашқы болып бұл жарысқа Жамбыл ауданының өнерпаздары өнерлерін паш етті.

 

Ауыл-аймақтардың мәдениетін дамытып, жаңа таланттарды анықтайтын бұл іс-шара  2005 жылдан бастап өткізіліп келеді. Биылғы байқау Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткізіліп отыр. Жамбылдық қолөнершілер  мұнда қазақ халқының тарихынан сыр шертетін түрлі бұйымдарды халық назарына ұсынып, көрме ұйымдастырды. Ал, аудан өнерпаздары «Туған жерге туыңды тік» деген қанатты сөзді алға тартып,осы ауданнан шыққан ақын-сазгер  Михаил Тумановтың шығармашылығынан әдеби-сазды  кеш өткізді. Мұнда жергілікті әншілерсазгердің әндерін жанды дауыспен шырқаса, ал мектеп оқушылары ақынныңөлеңдерін оқыды. 

Эльмира Дүтбаева, Жамбыл облыстық халық шығармашылығы  орталығының көркемдік жетекшісі

Бұл байқауды біз 2005 жылдан бастап өткізіп келеміз. Ең басты мақсаты бұл мына ауылдық клубтардың материалдық-техникалық базасын нығайту.Ең үздік  ауылдық клуб байқауы Елбасының «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өтіп жатыр.

 

Дереккөз: http://taraztv.kz/kz/news/society/en-uzdik-auyldyk-klub-2017-baikauy-bastaldy# 

Пікір: 0
Пікір қосу