Жамбыл облысында COVID-пен ауыратын науқастарды бақылайтын 200-ден астам мобильді бригада құрылды

0 3

Жамбыл облысында COVID-пен ауыратын науқастарды бақылайтын 200-ден астам мобильді бригада құрылды. Пандемияның ықтимал екінші толқынына дайындық барысында Жамбыл облысында бірқатар жұмыс атқарылуда, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Өңірімізде 389 медициналық ұйымдар, оның ішінде 142 амбулаториялық-емханалық мекемелер жұмыс істейді. Ауылдық жерлердегі орталық аудандық ауруханалар құрамында: 10 орталық және 6 ауылдық емханалар, (МСАК) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету орталығы, 3 ауылдық ауруханалар, 115 дәрігерлік амбулаториялар, 59 фельдшерлік-акушерлік және 150 медициналық пункттер бар. Шалғай ауылдық елді мекендердің барлығы медициналық көмекпен толық қамтамасыз етілген. Аспаптық-зертханалық тексеруден және амбулаториялық емдеуден өту үшін күндізгі стационар ұйымдастырылған.

Облысымызда симптомсыз белгілері бар және COVID-19 ауруы ағымының жеңіл дәрежесіндегі науқастарды бақылау мақсатында МСАК деңгейінде 214 мобильді бригада құрылған. Оның ішінде аудандардағы мобильді бригадалар саны – 134. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерді қоса алғанда, олар науқастарға мониторинг жүргізіп, ПТР талдаулар алып және емдеуді тағайындап қана қоймай, көрсетілімдер бойынша дәрілік заттармен қамтамасыз ете отырып, үйдегі стационарды ұйымдастырады. Сонымен бірге шалғай ауылдық елді мекендерге баратын шұғыл медициналық көмек бригадалары құрылған.

Мұндай мобильді бригадалардың құрылуы тәулік бойы инфекциялық және провизорлық стационарлардағы жүктемені едәуір төмендетуге және COVID-19 ауруының таралуын болдырмау үшін адамдардың орын ауыстыруын барынша азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, «Жылжымалы емхана» болып табылатын медициналық-диагностикалық кешендер аудандарды аралап, ауыл тұрғындарына мамандандырылған консультативті диагностикалық көмек көрсетуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.