Жамбылда қатерлі ісікпен ауратындар саны азайды

0 4

Былтыр Жамбыл облысында 7652 ауру қатерлі ісікпен есепте тұрған. Ал, алдыңғы жылында 7360 науқас тіркелген. Яғни есепке тұрғызылғандар санының өскені байқалады. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігерінің м.а. Қайрат Жетібаев айтты, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Спикердің айтуынша, былтыр қатерлі ісік алғаш рет анықталған аурулар саны 1414 құраған. Бұл 2019 жылымен салыстырғанда 136 адамға кемігенін көрсетеді. Яғни аурушаңдық көрсеткіші 124,2 құрап, азда болса төмендеген.

— Өлім көрсеткішіне келсек, облыс бойынша 2020 жылы 768 ауру қайтыс болып, өлім көрсеткіші 100,0 мың адамға шаққанда 67,4 құрады, 2019 жылы 743 адам қайтыс болып өлім көрсеткіші 66,0 құрды. Өлім көрсекішінің аздап көтерілгені байқалады, оның себебі есепте тұрған аурулардың көбейуіне байланысты деп есептейміз. Мәселен, былтыр есепте тұрғандар саны 7652, ал 2019 жылы 7360 жетті. Өткен жылы өңірімізде қатерлі ісікпен алғашқы рет ауырған 1414 адамның 58,2% сырқаттың I және II сатысында екені анықталды. Бұл – осынша науқастың қажетті емді уақтылы алса, жазылып кету мүмкіндігі жоғары деген сөз. Өлім-жітім көрсеткішін төмендету үшін ауруды алдын алу және ауруды ерте сатыда анықтау қажет, — деді Қайрат Жетібаев.

Облыста 2020 жылы обыр ауруының үлес салмағы бойынша сүт безі қатерлі ісігі бірінші орынға шыққан. Нақтырақ айтсақ, 12,2% құрап отыр. Екінші орында 10,0% өкпенің қатерлі ісігі, асқазан қатерлі ісігі 8,5%, тері қатерлі ісігі — 7,9%, жатыр мойны қатерлі ісігі 5,2%, тоқ ішек, тік ішек қатерлі ісігі — 4,7% және тағы басқалар.

Тоқ және тік ішек қатерлі ісігі елімізде төртінші орында, ал Жамбыл облысы бойынша алтыншы орында тұр. Қатерлі ісікті анықтаудың бір жолы – скринингтік тексеруден өткізу. 50-70 жас аралығы және осы жастағы ерлер мен әйелдер әр екі жыл сайын жергілікті емханада үлкен дәретте қанның бар болуы туралы анализ тапсыруы қажет. Мамандардың мәліметінше шамамен 15-20% тұрғындар әлеуметтік медициналық сақтандырудан өтпеген. т Бұл емделу кезінде емханалар қызметі ақылы болып, келушіге кері әсерін тигізеді.

Айта кетейік, былтыр еліміз бойынша 190 159 онкологиялық аурумен есепте тұрады, оның ішінде Республика бойынша 33 537 ауру алғашқы рет ауырғандар саналады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.