Ауыл тұрғындарының көптен күткен қуанышын бөлісуге аудан әкімі Ернар Есіркепов, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының у.м.а. Хамит Мырзақасымов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов қатысты.
Жаңа нысан “Ауыл -ел бесігі” мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтерді. Нысанның құрылыс жұмыстарына 103 млн.тг бөлінген.
1783 ауыл тұрғыны бар Жақсылық елдімекеніндегі бұл амбулатория ауысымына 15 келушіге арналған.
Заманауи дәрігерлік құрал-жабдықтармен жабдықталып, халық игілігіне беріліп отырған нысанда 11 адамды тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.
Нәтижесінде, денсаулық сақтау ұйымдарының тозуы — 51%-дан 49%-ға дейін төмендейді деп күтілуде.Айта кететіні, биыл ауданда 2 дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстары жүріп, жақын күндері Жаңатұрмыс ауылындағы дәрігерлік амбулатория да қолданысқа берілетін болады. Осылайша аудандағы барлық елдімекендер жергілікті дәрігерлік амбулаториялармен толығымен қамтамасыз етілетін болады.
Жалпы, ауданда медицина саласы қарқынды дамып келе жатқаны баршамызға аян. Соңғы 10 жылда ауданымызда ана өлімі тіркелмеген. 2021 жылы аудандық орталық ауруханаға барлығы 305,1 млн. теңгенің медициналық құрал жабдықтары алынып, жарақтандыру көрсеткіші 91,2 пайызды құрап отыр.