«АMANAT» партиясы азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдауда

0 16
«АMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ташметов Арман Бақытжанұлы азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қабылдауға келген азаматтың бірі ұлының денсаулығы бойынша сапалы медициналық ем көрсетуді сұрап келген. Айтуынша ем кешіктіріліп көрсетілетін көрінеді. Өтініш иесінің мәселесі жөнінде басқарма басшысы құзырлы мекемемен байланыс орнатып, назарларына жеткізіп, бақылауына алды.
Сондай-ақ, Арман Бақытжанұлы қаладағы спорт кешеніне жаттығуға жолдама сұраған азаматтың да өтінішінің оң шешілуіне ықпал етті.
Leave A Reply

Your email address will not be published.