Поэзия кеші өтті

0 36

Таразда Сарысулық ақын Маралтай Райымбекұлының поэзия кеші өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Жамбыл арнасына сілтеме жасап.

Маралтай Райымбекұлы: 

«Тұлпарға мінген, ұлы даланың тұрпан мінезді ұлы боламын… «.   

Жиналған жұртқа Маралтай ақын соңғы жылдары жарық көрген тың туындыларын оқып берді. Әсіресе, жұртшылық жүрегінде жиі жатталған «Кентавр», «Көшбасшы» сынды шығармаларын халық ерекше қабылдады.

 «Маралтайдың өлеңдерінде бояу көп. Суреттеу көп. Таза қазақи, ұлттық негізде қалыптасқан ақын», — деді жазушы Несіпбек Дәутайұлы.н

Маралтай ақынның қызы Ғаникен  Райымбекова да әдебиет  әлемінен алыс емес. Ес білгелі әкесінің  шығармашығымен етене жақын өскен  жас ақын  3 – өлең жинағын  жарыққа шығарып үлгеріпті.

«Менің ең алғашқы өлең жинағым 2011 жылы жарыққа шықты. Бүгін әкемнің шығармашылық кеші.Менде шығармашылықтың адамымын» ,- деді Ғаникен Райымбекова. 

Рухани жаңғыру  аясында өткен кешке келген  жас  ақындар   өлеңдерін оқып, соңында ақынға көкейде жүрген түрлі сауалдарын қойды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.