Таразда «Құрманғазы күйлері» байқауы өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Байқау — қазақ халқының ұлы сазгері Құрманғазы Сағырбаевтың 200 жылдық мерейтойына арналған. Сайысқа 11-15 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатысты.
12 жас талант күй тартып, сахна төрінде өзара бақ сынасты. Солардың бірі — тараздық Бағлан Бақтиярұлы. Бала кезінен домбыраны серік еткен ол Құраманғазының күйін бабына келтіре орындауда тыңдармандарды тәнті етті.
Орындаушылар 2 кезең бойынша сынға түсіп,өз таңдауы бойынша Құрманғазының екі күйін орындады. Өнерде үздік атанған жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.