Жамбыл облысында 200 гектар аумақты өрт шалды

0 9

Жамбыл облысында 200 гектар аумақты өрт шалды,-деп хабарлайды «ZhambylNews» AA облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында екі күннен бері маздап жатқан өрт толық сөндірілген жоқ. Жалынға Ақыртас ауылдық округіндегі құрғақ шөптің тұтануы себеп болған.

Өртті сөндіруге 80-ге жуық адам мен 10 техника жұмылдырылды. Арасында ерікті өрт сөндірушілер де бар.

Еліміздің төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі қайғылы жағдайдың тіркелгенін телефон арқылы хабарлады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.