«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» ұйымдастыруымен 13 желтоқсан сағат 10.00-де Тараз қаласындағы «ARAI-Plaza» бизнес орталығында «Жаңа медиа және болашақ» атты медиа форум өтеді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.
Спикерлер қатарында «Astana» телеарнасы «Біздің уақыт» бағдарламасының жүргізушісі Жайна Сламбек, «Balapan» телеарнасының басшысы Мақпал Жұмабай, «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті бас редакторының орынбасары Қамбар Ахметов, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының жетекшісі Есенгүл Кәпқызы, «Jambyl» телеарнасының басшысы Жасұлан Әбдіхалық, «77 TV» телеарнасының директоры Зарина Қуатова, «Qazaqstan» телеарнасының жүргізушісі, «Біліммен бөліс» жобасының авторы Нұрмұхамед Байғара, Baribar.kz сайтының негізін қалаушы Ербол Серікбай, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығындағы жаңа медианы және дата журналистиканы зерттеу тобының жетекшісі Асхат Еркімбай сынды ақпарат саласының айтулы өкілдері өз ойларын ортаға салады. Форум модераторы, блогер, журналист Өркен Кенжебек.
Сондай-ақ, облысымыздағы ақпарат саласының медиа тұлғалары, БАҚ басшылары сөз сөйлеп, тақырыпқа сай пікір білдіреді. Баршаларыңызды шақырамыз, қалыс қалмаңыздар.