Қазақстанда президент сайлауын кімдер бақылайды?

0 1

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу 3 маусым күні сағат 18:00-ге дейін жалғасады. Кезектен тыс президент сайлауына 67 халықаралық байқаушы аккредитттелді. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдина мәлімдеді,-деп хабарлайды «ZhambylNews» АА  Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Орталық сайлау комиссиясы 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы қаулы қабылдады.

Бүгінгі таңда президент сайлауына 67 халықаралық байқаушы аккредиттелген. Олардың 22-сі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының құрамындағы байқаушы.

«2019 жылы 8 мамырда Сыртқы істер министрлігінен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы миссиясының 22 ұзақ мерзімді байқаушысын аккредиттеуге ұсыныс келіп түсті. Олардың барлығы аккредиттеуге шығарылып отыр», — деді Баймолдина ОСК отырысында.

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу 3 маусым күні сағат 18:00-ге дейін созылады.

Аккредиттеуге ұсыныстардың келіп түсуіне қарай байқаушылар жөніндегі деректер жаңартылып отырады.

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы 4 халықаралық ұйымнан 45 байқаушыны аккредиттегенін хабарлаған еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.