«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Жамбыл дарыны» орталығында онлайн форматта «Ақ шағала» облыстық хореография фестиваль-байқауы өтті, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.
Онлайн өткен байқауға облыстағы қосымша білім беру мекемелерінен 90-ға жуық оқушы қатысып, бақтарын сынады.
Қатысуышлар 11-13, 14-16 жас ерекшеліктері бойынша халық, әлем халықтарының биі және заманауи би түрлірінен өнерлерін көрсетті.
Әділқазылар алқасының шешімі бойынша Бас жүлдені «Жамбыл дарыны» орталығының «Бозторғай» үлгілі ән-би ансамблі еншіледі.
Облыстық іріктеуден өткен ансамбль мамыр айында өтетін байқау-фестивалінің республикалық кезеңіне жолдама алды.
Жеңімпаздарды құттықтай отырып, «Бозторғай» ансамбліне сәттілік тілейміз!