Талас ауданының тумасы олимпиада жолдамасын қанжығаға байлады

0 4

Паратаэквондошы Нышан Өмірәлі Иорданияның астанасы Амманда өткен Азия квалификациялық жарысында жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл бәсекеде «Токио-2020» ойындарына берілетін олимпиада жолдамасы сарапқа салынған болатын. Дүбірлі додада таластық тарлан ерлер арасында 75 келіде бақ сынап, үздік деп танылды, — деп жазады “ZhambylNews” АА.

Ұлттық паралимпиада комитетінің хабарлауынша, жарыстарда К-43 санатында өнер көрсетіп жүрген спортшымыз Токиода паралимпиада ойындарының ережелеріне сай К-44 санатында ел намысын қорғамақ.

Төртжылдықтың басты бәйгесінде бақ сынайтын Нышан Өмірәлі бұған дейін таэквондодан әлем чемпионы, Азия чемпионы, бүкіләлемдік ойындардың чемпионы, Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері, ҚР чемпионатының жеңімпазы атанғанын айта кетуіміз керек. Жалпы есепте Токиода 3 паратаэквондошымыз шаршы алаңға шығатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.