Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің ЖД-158/4 мекемесінде күлкі күніне арналған «Әзіл де, байыпты да» атты карикатуралар плакаттық-байқау ұйымдастырылды. Байқауға мекеме бойынша барлық жасақтардан сотталғандар қатысты. Байқауға тек жастар ғана емес, сондай-ақ жасы үлкен сотталғандар да қатысты. Барлық сотталғандардың назарына алдын-ала байқауды өткізу ережесі мен шарттары жеткізілді.
Қазылар алқасы құрамына мекеменің психологтары, мекеме бастығының режим және жедел жұмысы бойынша орынбасары әділет капитаны Серікбол Әділғалиұлы Бахтияров, арнайы есеп, режим бөлімі қызметкерлері және Жамбыл облысының үкімдік емес ұйымының топ жетекшісі Насиров Гусеинали Сахиб Оглы және мүшесі Әйтенов Ғабит Әбдірахманұлы кірді.
Карикатуралық плакаттардың тақырыбы жан-жақты әрі ауқымды болды. Мәселен, түрлі маман иелеріне, жануарларға байланысты, тіпті түзеу мекемесі қызметкері мен сотталған аласындағы қатынасқа дейін бейнеленген.
Жеңімпаздар және де барлық байқауға қатысқан сотталған азаматтар мекеменің қоғамдық өміріне атсалысқаны үшін марапатталды.
ЖД-158/4 мекемесі
Аға инспектор-психологы,
әділет капитаны
Рита Оспаналиева