Жамбыл облысында жыл басынан бері 611 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынып, жаңару көрсеткіші 5,0% құрады. Алынған техникалардың 7 комбайн, 106 трактор болса, 498 данасы басқа да техникалар,-деп жазады “ZhambylNews” АА.
-Аграрлық саланы алға жетелейтін бірден-бір тетік – техника болғандықтан, облыста биылғы жылы 1300-ден астам ауыл шаруашылығы техникаларын алу арқылы, жаңару көрсеткішін 11%-ға жеткізу көзделген.
Жалпы ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуды ынталандыру мақсатында мемлекеттік қолдау да жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы техникаларын алған агроқұрылымдар тарапынан түскен 263 өтінімге 1,0 млрд. теңге субсидия төленді.
Қазіргі уақытта техникаларды жаңарту жұмыстары мен мемлекеттік қолдау шаралары жалғасуда,-деп жазады басқарма басшысы Ербол Жиенқұлов.
Сонымен қатар аймақтағы шаруалардың жаңа техникаға қол жеткізуіне «Trade-in» бағдарламасы да өз септігін тигізуде. Аталған бағдарлама аясында кәсіп иелері қажетті техника үшін 6 пайызбен лизингке қаржы ала алады. Сонымен қатар ескі техниканы жаңасына ауыстыруға мүмкіндіктері бар.