Қазақстанда алдағы үш күнде күн жылынады

0 20

Қазгидромет 31 наурыз – 2 сәуір аралығына ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елдің солтүстік өңірлеріне қыс алып келген циклонның орнын батыс антициклоны басады. Соған байланысты қиыр батыс және солтүстік өңірлерді қоспағанда, республика аумағында жауын-шашын тоқтайды.

Сондай-ақ антициклонға байланысты еліміздің барлық аумағында ауа температурасы көтеріліп, қазақстандықтар нағыз көктемді сезінеді.

Республиканың батысында термометр бағаны +10+20 градусқа, солтүстік, шығыс өңірлерде +5+13 градусқа, оңтүстікте +15+23 градусқа жетеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.