Бірлік күніне арналған марафон өтті

0 7

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Тараз қаласында «Бірлік жүгірісі» марафоны өтті.
Жарыстың мақсаты – қоғамдық келісімді сақтау, еліміздегі ұлттық бірлікті нығайту, белсенді демалыс түрі ретінде сауықтыру жүгірісін насихаттау.
Спорт сайысына қатысушылар жас айырмашылығына қарай ерлер және әйелдер тобында өз ара сынға түсті.
Оған 700-ге жуық қала тұрғыны қатысты, олардың арасында марафонның жанкүйерлері мен әуесқойлары, өңірлік «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдері, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері, мектеп оқушылары да бар. Шара соңында жеңімпаздар мен қатысушылар бағалы сыйлықтармен, дипломдармен және медальдармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.