2025 жылдың 2 мамырда ҚР Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Ерғали Егемберды Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына жаңа басшы – Төлеген Сәрсембаевты таныстырды.
Төлеген Қапсалықұлы Сәрсембаев қаржылық бақылау органдарында жұмысын 1993 жылдан бастаған. Алматы қаласының салық органдарында түрлі лауазымдарды атқарды. ҚР ҚМ МКК-нің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментін басқарды.
2009 жылдың маусымынан 2013 жылдың наурызына дейін ҚР ҚМ СК Жамбыл облысы бойынша Салық департаментінің бастығы болды. Шығыс Қазақстан облысы, Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментін басқарды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы » РМҚК бас директорының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, кейін Түркістан облысы әкімінің орынбасары, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті ректорының кеңесшісі қызметтерін атқарды.
2020 жылдың наурызынан 2023 жылдың шілдесіне дейін Алматы облысы әкімінің аппаратын басқарды.
2023 жылдың шілдесінен 2024 жылдың мамырына дейін ҚР Қаржы министрінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.
2024 жылғы мамырдан 2025 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы қызметін атқарды.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.