Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.
«Антициклонның тау сілемдері баяу шығысқа қарай шегініп, оның орнына Ресейдің еуропалық бөлігінің оңтүстігінен жылы атмосфералық фронттар жылжиды. Жылы ауаның суыққа түсуі республиканың басым облысында тұман жəне көктайғақтың қалыптасуын тудырады», — деп хабарлайды синоптиктер.
Мамандардың айтуынша, бұл түнгі жəне күндізгі уақытта, əсіресе автокөлік жолдарында қауіпті.