Құрметті қала тұрғындары!

0 54

«7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы аясында сатып алу үшін құжаттарды қабылдау басталғандығы туралы хабарлаймыз.

«Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылысы аяқталған Сүлейменов көшесінің соңы, 15 мөлтек ауданындағы 9 көпқабатты тұрғын үйлердің «таза» әрлеуден өткен пәтерлерін 2-ші деңгейлі банктер арқылы кейінен сатып алу құқығымен тұрғын үйді сатып алу үшін өтініштер 2019 жылдың 14 ақпанынан бастап Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, №173 мекен-жайдағы «Тараз» ӘКК» ҰҚ» АҚ («СПК «Тараз») ғимаратында қабылданады.

Өтініш беруші жеке куәлігімен келуі қажет.
Пәтердің сатып алу құны — 116 000 теңге/м2.
1-бөлмелі пәтер — 73, жалпы алаңы — 42,46 м2.
2-бөлмелі пәтер — 186, жалпы алаңы — 55,44 м2.
3-бөлмелі пәтер — 19, жалпы алаңы — 71,40 м2

Тараз қаласы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.