Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күніне орай Х парақшасында құттықтау жариялады.
– Ұлттық домбыра күні құтты болсын! Бұл мерекенің қазақ руханияты үшін мән-маңызы зор. Қастерлі аспап дала өркениетінің ажырамас бөлігіне айналды. Төл мәдениетіміздің құнды қазынасын сақтау – баршамыздың парызымыз. Домбыра төрден түспесін! — деп жазды Мемлекет басшысы.
Жыл сайын 7-шілдеде қазақстандықтар Ұлттық домбыра күнін тойлайды.
Ұлттық домбыра күні 2018 жылы Президент Жарлығымен бекітілген. Мереке ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау және жаңғырту мақсатында бекітілді.