Президент ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады, — деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Таалатбек Масадыков Қасым-Жомарт Тоқаевқа ҰҚШҰ Бас хатшысы лауазымындағы жоспарын таныстырды.
Кездесуде Ұйым қызметінің негізгі бағыттары бойынша, соның ішінде тұрақты жұмыс органдарының міндеттеріне қатысты көптеген мәселе талқыланды.
— Мемлекет басшысы Ұйымды одан әрі дамытуға арналған бірқатар ұсынысымен бөлісіп, Қазақстан тарапы ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін айтты, — делінген хабарламада.
Осыған дейін Президент Қазақстанның Корея мен Мьянмадағы елшілерін тағайындағанын жаздық.