«Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы бойынша тұрғын үй және білім алуға 46,8 млн-нан аса АҚШ доллары бағытталды.
2026 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап 273 371 өтініш орындалып, жалпы сомасы 46,83 миллион АҚШ долларынан астам қаражат өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды.
Олардың ішінде:
— тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 29,40 млн АҚШ долларынан астам сомаға 171 696 өтініш орындалды;
— білім беру ақысын төлеу үшін 17,43 млн АҚШ доллары сомасына 101 675 өтініш.
Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды (НЖ) алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Пайдаланылмаған қаражат қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады.
Айта кетелік «Ұлттық қор — балаларға» жобасы аясында Қазақстандағы әр баланың есепшотына 130 доллардан үлес аударылды.