140 балл: Ауыл мектебінің түлегі ҰБТ-да барлық сұраққа дұрыс жауап берді

0 11

 Алматы облысының Талғар ауданына қарасты Қарабұлақ ауылының №22 жалпы білім беретін орта мектебінің  түлегі Жаннұр Еңсебек барлық сұраққа дұрыс жауап беріп, максималды 140 балл жинады.

Атап айтқанда, Қазақстан тарихынан — 20, Оқу сауаттылығы — 10, Математикалық сауаттылық — 10, екі бейіндік пәннен мүмкін болған 50 сұрақтың барлығына дұрыс жауап берген.

Жаннұр Абзалұлын бұл жетістігімен әлеуметтік желі қолданушылары құттықтап жатыр.

«Жарайсың! Құтты болсын!», «Балаларымызға осы баланың жолын берсін», «Жарайсың, Жаннұр! Қуаныштымыз, мықты маман иесі бол, жолың ашық болсын», — деп жазды желі қолданушылары.

Бұған дейін Ақтөбе қаласындағы М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназиясының түлегі Айшат Сағынаева ҰБТ кезінде 137 балл жинағанын жазған едік.

Leave A Reply

Your email address will not be published.