Дәрігер күрекпен қар тазалаудың денсаулыққа кері әсерін атады

0 29

Дәрігер күрекпен қар тазалау кей адамдарға қандай зиян келтіретінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі csn-tv.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Күрекпен қазу кезінде адам бойында физиологиялық және психологиялық күйзеліс орын алады. Физиологиялық стресс факторларына қан қысымын жоғарылататын суық әсерінен қан тамырларының тарылуы жатады. Денсаулығы нашар адамдарда бұл кеуде ауырсынуына әкелуі мүмкін.

Психологиялық бөлігі қатты аязда бола тұра психикалық күйзеліспен шаршағаныңызды байқамай жұмысты жалғастыра берумен байланысты.

Егер сізде жүрек проблемалары болса және физикалық белсенділік танытпаса, күрек тарту сияқты ауыр жаттығулар жасамас бұрын дәрігермен кеңескен дұрыс. Сондай-ақ темекі шегіп, тамақ ішіп болғасын немесе кофеин ішкеннен кейін бірден қар тазаламаңыз, өйткені бұл сіздің жүрегіңізге қосымша стресс әкелуі мүмкін.

Дәрігерлер сондай-ақ шөлдемесеңіз де мұндай жұмыстарға кірісер алдында көбірек су мен электролиттік сусын ішуге кеңес берді. Қарды жаңа жауған кезінде арнайы техниканың көмегімен тазалаған дұрыс. Ал егер сізде күректен басқа құрал болмаса, онда мұндай жұмыстарды баяу және үзіліспен орындау керек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.