Танымал әнші әрі актриса Анар Батырхан ақ келін атанғанын хабарлады. Анар қуанышты жаңалығын жеткізіп, көпшіліктен сүйінші сұрады, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Мені алып қашты! Қазағымызға +1 келін», – деп жазба қалдырды Анар желідегі парақшасында.
Алайда көпшілік бұл 1 сәуір күнгі әзіл деп болжады. Әдетте жаңа түскен келіннің басына ақ орамал жабылады. Ал Анар суретте қызғылт сары түстес орамал тартып алған.
«Жаңа түскен келінге ақ орамал тағады. Үстіңдегі халатыңды айтпай-ақ қояйын», «1 сәуір ғой», «Бұл күні ешкімге сенуге болмайды», — деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, бұған дейін отандық телеарнаға берген сұхбатында Анар тойдың ауылы алыс емес екенін айтқан еді.