8-14 желтоқсан аралығында Дубай (БАӘ) қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы 3-ші Пара Азия ойындары өтті.
Аталған жарысқа 30 мемлекеттен 7 спорт түрінен 800 спортшы қатысты. Жамбыл облысынан дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының жеңіл атлетика спорт түрінің спортшылары: Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Әбілхасымқызы Салтанат пен Яковлева Анастасия қатысты.
Спортшылардың көрсеткен нәтижелері;
Яковлева Анастасия 100 және 200 метр қашықтықта жеңімпаз атанды.
Әбілхасымқызы Салтанат 200 метр қашықтықта ІІ орын жеңіп алды.
Жамбыл облысының спортшыларын дайындаған жеке бапкері, жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мамашаев Тахир Рахимович.