Рахит – баланың белсенді өсу кезінде D дәрумені ұзақ уақыт бойы жетіспегендіктен дамитын ауру. Сол үшін кальций мен фосфор дұрыс сіңбейді де, сүйектер жұмсара бастайды. Яғни, патологияның басты себебі – D дәруменінің жетіспеушілігі.
D дәрумені азық-түлікте бар, бірақ оның негізгі мөлшері ультракүлгін сәуленің әсерінен ағзада бөлінеді. Балалардағы рахиттің бірінші белгілері оның алғашқы 6 айында көрінуі мүмкін. Қолайсыз факторларда ауру қаупі 3 жасқа дейін сақталады. Сондықтан 3 жасқа дейінгі балалар бұл патология бойынша қауіп тобына жатады. Бұл топқа сондай-ақ мерзімінен бұрын туылған балалар, еметін балалар (әсіресе, анасына да D дәрумені жетіспесе), күн сәулесі аз түсетін жақта тұратын балалар кіреді.
Бұл аурудың белгілерін қалай анықтауға болады?
Сәбиді алғашқы бір жыл бойы педиатр ай сайын бақылайды. Сол кезде дәрігер оның сүйек жүйесіне аса мән береді: баланың еңбегін, бас сүйегін, көкірегін, қол-аяғын қолмен басып қарайды. Бірақ ата-ана да баланың дамуын бақылауы керек. Мына бірнеше белгіге мән беріңіз:
— кеуде тұсы пішінінің өзгеруі;
— қол-аяқтарының ісінуі;
— моторлық дамудың тежелуі;
— бұлшық еттер әлсіздігі.
Жасы үлкендеу балаларда:
— аяқтың өзгеріске ұшырауы: баланың аяғы Х-бейнелі немесе О-бейнелі болады;
— төс сүйегінің қысылуы;
— қаңқаның өзгеріске ұшырауы (білектің, тобықтың ісінуі);
— аяқтың, жамбас сүйектерінің, омыртқаның ауыруы.
Рахиттің алдын алу үшін кез келген жастағы бала D дәруменін ішу керек. Оны қанша уақыт және қанша мөлшерде ішу керегін тек дәрігер айта алады. Баламен таза ауада жиі серуендеу керек. Баланың D дәруменіне бай өнімдер жеуін қадағалаңыз. Мысалы: майлы балықтар, жұмыртқаның сарысы.
Ақпарат дереккөзі: massaget.kz