Қазақстандық шығармалар қытай тіліне аударылады

0 8

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ҚХР-дағы ҚР Елшісі Шахрат Нұрышев «Синьсин» басылымының директоры Ма Жуцзюнмен баспа ісі саласындағы ынтымақтастықтың болашағын талқылады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Тараптар қазақ әдебиеті мен мәдениетін шетелде насихаттау мақсатында белгілі қазақстандық авторлардың кітаптарын қытай тіліне аудару және оларды ҚХР аумағында басып шығару мәселелері бойынша пікір алмасты.

«Нұрлы жол» және «Бір белдеу, бір жол» бастамалары аясында «Ұлы Жібек жолының бойындағы жүз қала» жобасын жүзеге асыру жайы сөз болды.

«Ежелгі Жібек жолының бойында орналасқан қазақстандық қалалар бай мәдениетке және дәстүрге ие. Мысалы, Алматы, Тараз және Түркістан қалаларының тарихы тереңде жатыр. Олар Ұлы Жібек жолындағы сауда-саттық пен мәдени айырбасты дамытуда маңызды рөл ойнаған», — деп атап өтті Ш. Нұрышев.

Ма Жуцзюнь осы жобаның сәтті жүзеге асырылуы қытайлық аудиторияға Қазақстанның тарихи көрнекті орындары туралы ақпарат беруге және Қазақстанға көп қытайлық туристерді тартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Синьсин» — баспа ісі және шетел тілдеріне әдебиет тарату бойынша ҚХР басқармасына қарасты мемлекеттік басылым. Басылым 1989 жылы сыртқы насихат бойынша агенттік ретінде құрылған. Жыл сайын әртүрлі тілдерде 230-дан астам кітап жарық көреді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.