Облыстық ТЖ департаментінде тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері қаралды

0 0

Ағымдағы жылы 30 қарашада Жамбыл облысы ТЖ департаментінде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Жамбыл облысы филиалы директорының орынбасары Нұрлан Берікбосыновпен «7-20-25» ипотекалық тұрғын үйді несиелеу бағдарламасын түсіндіру бойынша кездесу ұйымдастырылды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Нұрлан Маханбетұлы Департаменттің жеке құрам назарына «7-20-25» ипотекалық тұрғын үйді несиелеу бағдарламасын шарттары, кім ала алады және қалай алатындығын жөнінде айтып өтті. Сонымен қатар, «7-20-25. Әрбір отбасы үшін тұрғын үйді сатып алудың жаңа мүмкіндіктері» ипотекалық тұрғын үйді кредиттеу бағдарламасының презентациясы көрсетілді.

Семинарға Департаменттің аппарат қызметкерлері және Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының жеке құрамы қатысты (40 қызметкер).

Аталған шараға модераторлық еткен Жамбыл облысы ТЖД Кадр жұмысы бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Назира Закировна Нұрлан Берікбосыновқа мағынасы терең дәріс оқығаны үшін алғыс білдірді.

Нұрдәулет Асылхан,

Жамбыл облысы ТЖД Кадр жұмысы бөлімінің бас маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.