Жамбылдық спортшылар жеңіспен оралды

0 7

Ақтөбе қаласында WKF каратэден ерлер мен әйелдер арасында республикалық 27-ші чемпионат өтті. Жарыста Жамбылдық жерлестеріміз жеңіспен оралды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Чемпионатқа республиканың барлық облыстарынан барлығы 115 спортшы қатысты.

1-2 желтоқсан күндері өткен додаға облыстың құрамасы 6 алтын, 1 күміс, 4 қола медальға ие болды. Нәтижесінде, жамбылдықтар жалпы командалық есепте 1-ші орынды иеленді. Бұл көрсеткіш Жамбыл облысы каратэ-до федерациясының тарихында тұңғыш рет 6 алтын алып, жетістікке жетіп отыр.

Сондай-ақ, жерлестеріміз ҚР Ұлттық құрама сапына кірді. Енді спортшыларымыз алдағы уақытта  2020 жылы Токио қаласында өтетін олимпиада ойындарының іріктеу кезеңіне өту.

Дереккөз: Jambyl арнасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.