Жаңа жылдан бастап темір тұлпар иелері үшін көлік сақтандыру 10%-ға дейін арзандауы мүмкін. Бұл туралы «ZhambylNews» АА Ranking.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңа жылдан бастап сақтандыру шартын сақтандыру ұйымдарының сайтында жасауға болады. Электронды сақтандыру полисін сатып алу 10%-ға арзан болуы мүмкін.
Заңнамаға сәйкес сақтандыру шартын өзгертуге немесе бұзуға өтініш бере аласыз және сақтандыру жағдайларын онлайн реттеу мүмкіндігі қарастырылған, деп атап өтті сақтандырушылар қауымдастығы.
Көлікті міндетті сақтандыру үшін жүргізушілер 2018 жылдың 11 айдағы қорытындысы бойынша 55,4 миллиард теңге төлеген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 22%-ға көп.
Сақтандыру төлемдері жыл ішінде 8,2%-ға қысқарды — 19,8 миллиард теңге. Ал биыл қараша айына дейін көлік саны 3,5%-ға артқан.