Мүгедектер, мүгедек балалар, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқандар және оларға теңестірілген тұлғалар жасына байланысты зейнетке шыққан зейнеткерлер үшін санаторийлерде, курорттарда емделуге жазылым 2019 жылдың 3 қаңтарынан бастап электронды болады. Бұл туралы Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлім етті, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ол үшін электронды цифрлық қолтаңбаны алып, sankur.astana.kz сайтына тіркелу қажет.
Бұл тәртіп ең алдымен көп адамды бірден қабылдауға бейімделмеген жерлерде кезекті болдырмау, сондай-ақ оның ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр.
Бұл жөніндегі толық ақпарат sankur.astana.kz сайтында жарияланған.
Қызықтырған сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: 55-69-63, 55-68-47, 55-14-87, 55-14-74.