Мамыр айының соңына дейін 1300 отбасы пәтермен қамтамасыз етіледі

0 1

Мамыр айының соңына дейін барлық қаржы көздерінің есебінен 1 мың 300 отбасы пәтермен қамтамасыз етіледі.

Ал жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 12 мыңға дейін жеткізу жоспарда бар. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.

Айтуынша, қазіргі таңда елімізде 340 мыңға жуық көп балалы отбасы болса, соның 31 мыңнан астамы баспанаға мұқтаж ретінде әкімдіктердің кезегінде тіркелген көрінеді. Жыл сайын жалға берілетін тұрғын үй салуға өңірлерге 50 миллиард теңгеден бөлу көзделген. Жалпы 2025 жылға дейін жауапты мекемелерге осындай баспанамен 40 мың отбасыны қамту міндеттеліп отыр.

Дереккөз: 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.