«Өмір сүру мәні. Менің мақсатым……» Осындай атаумен ЖД-158/7 мекемесінде семинар-тренинг өтті. Оған Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы, Тараз қалалық «Әулиеата» мешітінің имамы, мекеме қызметкерлері мен жазасын өтеушілер қатысты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Бүгінде түзеу мекемесінде сотталғандардың саны 700-ге жетсе, олардың 30 пайызы жастар. Жастар жылына орай ұйымдастырылып отырған семинарда оларға жөн сілтеу, түзелу жолында түрлі мүмкіндіктер, мемлекет тарапынан жеңілдік, білім алу, жұмыспен қамту жайы егжей-тегжейлі талқыланды. Қазіргі таңда өзекті, әсіресе жастар жағы көптеп әуес жат ағымдар, діни экстремизм мен терроризмнің салдары да тілге тиек етілді.
Атаулы тақырыптарға қатысты пікір алмасылса, оңалу жолындағы қолдауларды тиімді кәдеге жарату керектігі айтылды. Жиын соңы еркін пікір алаңына айналып, сотталғандардың сан сауалына тренинг жүргізушілері жауап қатты.