Жамбыл облысындағы суармалы алқаптардың өнімділігі 250 центнерге дейін жоғарылаған

0 0

Бақша дақылдары орналастырылған алқабтардан 483,3 мың тонна өнім жиналып, орташа өнімділігі 330,4 центнерді құрап, өткен жылмен салыстырғанда 60 (273 центнер) центнерге өскен. Көкөністен жиналған өнімнің орташа өнімділігі 414,1 центнерді құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 144,1 центнерге ( былтыр 270 центнер болған), Ал көкөністің ішінде пияздың өнімділігі 277,5 центнерден 529,8 центнерге дейін жоғарылаған , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Диқан қауымы үшін қауырт шақ. Алқаптарда жиын-терін жалғасуда. Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Амановтың айтуынша, биылғы ауа-райының құрғақшылығына қарамастан жоспарланған егістік көлемі 98 пайызға орындалған. Атап айтсақ, жоспар бойынша 768,5 мың гектар алқапқа дəнді-масақты дақылдар себілген. Оның ішінде дәнді және дәнді бұршақты дақылдар – 403,2, майлы дақылдар – 59,2, қант қызылшасы – 5,6, картоп – 11,5, көкөніс – 43,2, бақша – 14,6, мал азығы дақылдары – 214,5 мың гектарға орналастырылған.

Егіс алқаптарына құрғақшылық өз салдарын тигізбей қоймады. Соның салдарынан масақты дәнді дақылдардың өнімділігі былтырғы жылмын салыстырғанда 40 пайызға дейін төмендеген. Жалпы егілген 384,1 мың гектар алқаптың 4,5 мың гектарынан айтарлықтай өнім алынбай, жарамсыз болып қалған. Облыс бойынша ораққа 379,5 мың гектар масақты дәнді дақыл түсіп, одан 465,9 мың тонна дән бастырылған. Әрбір алқаптан алынған орташа өнімділік 12,3 центнерден айналды.

Күзгі жиын-терін барысында суармалы егістік алқаптардан жиналған өнімнің өнімділігі былтырғымен салыстырғанда жоғарылағаны байқалады. Бүгінде картоп алқаптарының 87,2 пайызы жиналып, қоймаға 233,6 мың тонна картоп жиналған. Оның әрбір гектарына шаққандағы орташа өнімділігі 234,2 центнерді құрап, өткен жылмен салыстырғанда 3 пайызға жоғарылаған.

Сондай-ақ қазіргі таңда жүгері алқаптарының 25,3 пайызы орылып 29,8 мың тонна жүгері дəні жиналып, орташа өнімділігі 63,3 пайызды құраған. Ал майлы дақылдардың 69,2 пайызы жиналып, қамбаға 25,9 мың тонна өнім құйылған.

Бақша дақылдарына келетін болсақ, ондағы алқабтардан 483,3 мың тонна өнім жиналған. Оның әрбір гектарға шаққандағы орташа өнімділігі 330,4 центнерді құрап, өткен жылмен салыстырғанда 60 (273 центнер) центнерге өскен. Жалпы көкөніс дақылы 87,5 пайызға жиналып 1,6 миллион тонна өнім жиналып, орташа өнімділігі 414,1 центнерді құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 144,1 центнерге ( былтыр 270 центнер болған) артқан. Ал көкөністің ішінде пияздың өнімділігі 277,5 центнерден 529,8 центнерге дейін жоғарлап отыр екен.

Қазір күзгі дала жұмыстарының жүргізілуіне байланысты қожалықтарды жанар-жағармаймен қамту да өз шешімін тауып келеді. Бұл мақсатта облыстағы күзгі дала жұмыстарын жүргізуге Үкіметтен 9 815 тонна кепілдендірілген дизель отыны бөлінген. Бөлінген дизель отынын ауыл шаруашылығы тауап өндірушілеріне облыс бойынша 12 оператор анықталып, литрі 168-170 теңгеден босатылуда, деді басқарма басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.