Сарысу ауданында тұрмыстық техника сататын дүкен ашылды

0 3

Бүгін Сарысу ауданында тағы бір дүкен есігін тұтынушыларға айқара ашты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Нақтырақ айтсақ тұрмыстық техника сататын «Sulpak» дүкендер желісі еліміздегі ең ірі сауда маркасының бірі.

Аталған дүкен желісінің 159 нүктесі еліміздегі 79 елді мекендер мен қалаларда орналасқан.

Енді аудан орталығы Жаңатас қаласында да аталған дүкен ашылды.

Дүкенде 15 қала тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылды. Бұл аудан халқының әлеуметтік экономикалық тұрғыдан дамып келе жатқандығын көрсетеді.

Мереке құрметіне ашылып отырған жаңа дүкенде 1 мыңға жуық тұрмыстық техникалар түрлерін сатылымға шығарады.

Дүкеннің ашылуында Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев сөз сөйлеп, мол табыс тілей отырып, бағаны себепсіз көтермеуді және халық игілігі үшін бірігіп жұмыс жасауды айтты.

Содан соң ардагерлер ақ батасын беріп, әжелеріміз шашуын шашты.

Дүкеннің иелері жақсылыққа жиналған халыққа алғысын білдіріп, еліміздің өркендеуіне үлес қосатындықтарын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.