Қызыларық ауылының тұрғындары мал қыстатуға тыңғылықты әзірленген

0 2

Қызыларық ауылының тұрғындары мал қыстатуға тыңғылықты әзірленген. Бүгінде ауылдық округте 402 бас мүйізді ірі қара, 672 бас жылқы, 3466 бас уақ мал қыстаққа түсіп отыр. Шалғай қыстақтардағы мал базаларында қысқы жем-шөп қоры молынан әзірленген. Алтай Оштанов басшылық жасайтын «Әмірхан» шаруа қожалығында мал қыстату науқаны қарбалас жүруде, — , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Теріс-Ащыбұлақ ауылының іргесінде, Теріс өзенінің сағасында орналасқан «Малшы ауыл» деп аталатын аумақта үйі, қора-қопсысы, иелікке қарасты жері, ауыл шаруашылығы техникасы да бар. Қожалық төрт түлікке қажетті шөпті өздеріне тиесілі аумақтағы шабындықтан дайындайды. Ауызсуды қыстау басындағы құдықтан алады. Төрт түлікке суды Теріс өзенінен пайдаланады. Шабындық алқаптардың суы мол жерде орналасуы шаруаға әжептәуір сеп болып тұр. Қысқа қажетті жем-шөп көлемі молынан әзірленеді.

Бұл қолдағы малды толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Біз малшы ауылға келгенде отағасы отар қойды таңертеңнен Қаратаудың баурайына өргізіп кетіпті. Ұялы телефонына қоңырау шалғанымызда, ол шаруа жайын тізбектей жөнелді. Замандасымыз көзін еңбекпен ашқан азамат екен. Кезінде кеңшарда түрлі жұмыстар атқарыпты. Шаруашылық тараған соң осындағы мал базасын сатып алып, өз бетінше тіршілік етуге көшеді.

Қожалықтың негізін 1998 жылы әкесі Тұрсынбай Оштанов қалапты. Уақыт өте Оштановтар атакәсіпке біржола бет бұрған. Одан жаман болған жоқ. Мал басын асылдандыруға бет бұрып, мемлекет тарапынан берілген қаржылай қолдау үлкен септігін тигізуде. Шаруасы алға басып, мал басы жыл санап көбейді. Шіліңгір шілденің аптабында, қаңтардың қақаған аязы, көктем-күздің жауын-шашынында өзі ғана емес, жары Жанар мен ұлдары Асылхан мен Әмірхан бел шеше еңбек етіп, ортақ іске үлесін қосуда.

Мал қыстату науқанына жақсы дайындықпен келдік. Біздің қожалықта 85 гектар жер бар, – дейді шаруашылық жетекшісі. – Оның 8 гектары жоңышқалық болса, 3 гектары арпа алқабы. Қалғаны жайылымға арналған. Күзден бері жиырма шақты қошқарды оңаша байлап, бордақылап отырмыз,дейді шаруа.

Leave A Reply

Your email address will not be published.